Сауалнамалар – сіздің пікіріңіз, біздің дамуымыз
Тұрақты сауалнамалар және фокус-топтық сұхбаттар
Сауалнамалар мен фокус-топтық сұхбаттар – Институционалдық зерттеулер және талдау қызметінің негізгі құрамдас бөлігі. ИЗТ жыл сайынғы/тұрақты және арнайы/біржолғы сауалнамалар мен фокус-топтық сұхбаттардың алуан түрін жүргізеді.

Сонымен қатар ИЗТ НУ-дағы әкімшілік сауалнамаларды реттеуге жауапты. Бұл бетте әкімшілік сауалнамаларды реттеу, жүргізіліп жатқан және жоспарланған сауалнамалар, сондай-ақ сауалнама әзірлеуге көмектесетін ресурстар туралы ақпарат берілген.
Сауалнама ұсынысын жіберу
ИЗТ НУ-дағы әкімшілік сауалнамаларды үйлестіруге және қадағалауға жауапты (НУ Басқарушы кеңесі 13.07.2021 ж. бекіткен «Әкімшілік сауалнамалар туралы ереже»). Басты мақсат – әкімшілік сауалнамалардың сапа стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету және НУ қауымдастығының мүшелерін көптеген сауалнамалармен шамадан тыс жүктемеу.
Әкімшілік сауалнама – негізгі мақсаты сапаны бақылау, әкімшілік бағалау/қажеттіліктерді бағалау немесе бағдарламаны бағалау үшін деректер жинау болып табылатын сауалнама.
Егер сіз әкімшілік сауалнама жүргізуді жоспарласаңыз, осы беттегі ақпаратпен және Әкімшілік сауалнамалар туралы ережемен (НУ қауымдастығының мүшелеріне қолжетімді) мұқият танысыңыз. Сауалнаманы жүргізуге рұқсат берілмес бұрын ол қаралып, бекітілуі қажет болуы мүмкін.
Сауалнамалар күнтізбесі және мерзімдер
НУ сауалнамалар күнтізбесінде әкімшілік бөлімшелер бастамашы болған және Сауалнамаларды қарау жөніндегі комиссия бекіткен, жүргізіліп жатқан және жоспарланған сауалнамалар туралы ақпарат берілген.
Егер НУ қауымдастығының мүшелері арасында сауалнама жүргізуді жоспарласаңыз, сауалнама жүргізу күндері қайталанбауы үшін осы күнтізбені қараңыз.

Сауалнамаларды қарау мерзімдері
«Сауалнама ұсынысын жіберу» бөлімінде сипатталғандай, Комиссия әкімшілік сауалнамалар бойынша ұсыныстарды жылына төрт рет – әр күзгі және көктемгі семестрдің басында және ортасында қарайды.
Әкімшілік сауалнама жүргізуді жоспарласаңыз, сауалнаманы ойластырып, уақтылы жоспарлау үшін осы маңызды мерзімдер мен күндерді қараңыз.

#


Ұсыныс жіберудің соңғы мерзімі

Қарау нәтижелері жарияланатын күн

1

2026 жылғы күзгі семестрдегі бірінші қарау

2026 жылғы 11 қыркүйек

2026 жылғы 6 қазан

2

2026 жылғы күзгі семестрдегі екінші қарау

2026 жылғы 23 қазан

2026 жылғы 6 қараша

3

2027 жылғы көктемгі семестрдегі бірінші қарау

2027 жылғы 15 қаңтар

2027 жылғы 5 ақпан

4

2027 жылғы көктемгі семестрдегі екінші қарау

2027 жылғы 5 наурыз

2027 жылғы 26 наурыз



Сауалнама ұсынысын жіберу жөніндегі нұсқаулық «Сауалнама ұсынысын жіберу» бөлімінде берілген.