Жыл сайынғы мониторинг және мерзімді шолу
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІ ШОЛУ

«Жоғары оқу орындары өз бағдарламаларының алдына қойылған мақсаттарға жетуін және студенттер мен қоғам қажеттіліктеріне сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін оларды бақылап, мерзімді түрде шолу жасауы тиіс. Бұл шолулар бағдарламаны үздіксіз жетілдіруге алып келуі тиіс...»
(ESG, 1.9-стандарт)

Жыл сайынғы мониторинг және мерзімді шолу – ESG талаптарына сәйкес келетін және бағдарламаларды жыл сайынғы мониторингтеу және мерзімді шолу саясаттарына негізделген AQE-нің негізгі процестері. Екі процес те сапаны үздіксіз арттыруды қолдайды және оқытушыларды студенттердің оқу тәжірибесін жақсарту үшін әртүрлі дереккөздерді талдауға ынталандырады.
Бағдарламаларды жыл сайынғы мониторингтеу процесі
Кері байланыс циклін аяқтау үшін курстар/бағдарламалар бойынша жыл сайынғы мониторинг есептері барлық мүдделі тараптарға, соның ішінде студенттерге мектептердің сайттары немесе басқа да байланыс арналары арқылы қолжетімді болуы тиіс.

Оқытушыларға осы рефлексиялық жұмыста көмектесуге арналған үлгілер төменде берілген. Толық рәсімдер мен үлгілер тек НУ-дың тиісті мүдделі тараптарына қолжетімді екенін ескеріңіз.

Курсты жыл сайынғы мониторингтеу есебі
ACMR үлгісін жүктеп алыңыз.

Бағдарламаны жыл сайынғы мониторингтеу есебі
APMR үлгісін жүктеп алыңыз.

Мектептің сапаны арттыру жөніндегі жылдық есебі
ASQER үлгісін жүктеп алыңыз.

Студенттерді қолдау қызметтері (SSS) сапасын жыл сайынғы мониторингтеу есебінің үлгісі
SSS QMR үлгісін жүктеп алыңыз.

SSS сапасын шолуға арналған бағыттаушы сұрақтар

Жыл сайынғы мониторинг есеп нысандарын толтыруда осы нұсқаулық пайдалы болуы мүмкін.

Осы оқу жылына арналған APM кестесін сақтаңыз.