Әлемдік деңгей – Қазақстанда жасалған: Назарбаев Университетінің 2026–2031 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы
Жаһандық стандарттар мен ұлттық және өңірлік өзектілік.
Барлық ісімізде.
Пайым
Әлемдегі жетекші университет болу және мыналарға бағытталу:
  • әлемдік деңгейдегі зерттеулер, зерттеулерге негізделген оқыту, инновациялар мен білім алмасу арқылы Қазақстан мен кең өңірдің трансформациясын жеделдету;
  • жергілікті және өңірлік қауымдастықтармен мазмұнды серіктестік құру; және
  • студенттерге өмірін өзгертетін тәжірибе ұсыну және студенттік өмірді байыту.
Стратегиялық мандаттар
Академиялық үздіктік
НУ түлектерді ұлттық және жаһандық еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктеріне дайындайтын, халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы академиялық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға міндеттенеді; әрбір бағдарлама түлектерге НУ түлегіне тән қасиеттер мен жұмысқа орналасуға қажетті негізгі дағдыларды береді.
Ғылыми зерттеулердегі үздіктік
НУ пәндік және пәнаралық білімді дамытатын, ғылыми күш-жігерді стратегиялық тұрғыдан таңдалған салаларға шоғырландыру арқылы өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге жауап беретін, қоғам мен экономиканың дамуына үлес қосатын жаһандық бәсекеге қабілетті зерттеулер жүргізуге міндеттенеді.
Қоғамға ықпал
НУ оқыту және ғылыми зерттеулер арқылы қоғамдық мәселелерді шешуге, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын шешімдер әзірлеуге және нақты өмірде ықпал етуге міндеттенеді.
Тақырыптық басымдықтар
Адамдар, басқару және тиімді әкімшілік
Тиімді басқаруды, бизнес-процестердің үздіксіз жұмысын және институционалдық шешімдер қабылдауды қолдау үшін НУ: цифрлық жұмыс процестері, автоматтандыру және жасанды интеллект (ЖИ) арқылы бизнес-процестерін оңтайландырады; деректерге негізделген шешім қабылдау мен есептілікті енгізеді; сондай-ақ қызметкерлердің қолдау алуын, дамуын және ұйымда сақталуын қамтамасыз етеді.
Тұрақты даму
Экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық ұзақ мерзімді институционалдық орнықтылық үшін, сондай-ақ НУ-дың жаһандық ұмтылыстар мен мақсаттарға сай болуы және ұлттық әрі өңірлік сын-қатерлерге жауап беруі үшін аса маңызды. НУ экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты Университет қызметінің барлық салаларына, соның ішінде Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес зерттеулер арқылы, академиялық бағдарламалар мен курстарға енгізеді.
Бедел, интернационалдандыру және коммуникация
Ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі беделін нығайту, таланттар мен серіктестерді тарту және қоғамға ықпалын арттыру үшін НУ Университеттің ықпалы мен қосқан үлесін насихаттайтын, оның елдегі және әлемдегі танымалдығын арттыратын шараларды әзірлеп, іске асырады.
Стратегия
Назарбаев Университеті өңірдің дамуына серпін беретін әлемдік деңгейдегі білім ордасын құруға бел буған. 2010 жылы құрылғаннан бері НУ академиялық үздіктігімен, озық ғылыми зерттеулерімен және жоғары білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылығымен танылды. Орталық Азиядағы жетекші зерттеу университеті ретінде НУ берік жаһандық серіктестіктер, инновациялар және 60-тан астам елден келген студенттер мен оқытушылардың белсенді әрі алуан түрлі қауымдастығы арқылы әлемнің үздік университеттерінің қатарына қосылуды мақсат етеді. Университет стратегиясы жаңа білім жасауды ілгерілетуге, болашақ көшбасшыларды даярлауға және өңірдегі қоғамдық трансформацияны алға жылжытуға бағытталған.

НУ-дың 2026–2031 жылдарға арналған стратегиясының толық нұсқасын осы жерден жүктеп алуға болады
Жылдық есеп
Жылдық есепте Назарбаев Университетінің оқу жылындағы негізгі жетістіктеріне шолу және қаржы жылының қаржылық қорытындысы берілген.

Есеп жетістіктер мен негізгі өзгерістерге шолу жасайды. Қоғамдық маңызы бар ұйым ретінде біз үшін елге қосқан үлесімізді көрсету маңызды. Есеп НУ-дың басымдықтары мен стратегиялық жетістіктерін, соның ішінде студенттер құрамы, профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми зерттеулердің дамуы, қоғамға қосқан үлес, сапаны қамтамасыз ету және болашақ жоспарлар туралы мәліметтерді ашып көрсетеді.

Назарбаев Университетінің 2025 жылғы есебі (бекітілуге тиіс; ағылшын тілінде)

Назарбаев Университетінің 2024 жылғы есебі (ағылшын тілінде)