SDO NEWS KZ

Мерзімді шолу: Институционалдық шолу комиссиясының GSE-ге сапары және есеп жобасын талқылау

Институционалдық шолу комиссиясы (IRP) мерзімді шолу аясында 2025 жылғы 30–31 қаңтарда Білім беру жоғары мектебінде (GSE) болды. Сапар Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына (ESG) сәйкес әзірленген Мерзімді шолу саясатына сай өтті. GSE-дегі екі күндік сапар барысында IRP жоғары атқарушы комитетпен, бағдарлама директорларымен, оқытушылармен, академиялық және студенттік мәселелер тобымен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесіп, сабаққа бақылау жүргізді. Сапар нәтижелері бұрын ұсынылған GSE өзін-өзі бағалау есебімен бірге IRP есебінің жобасына негіз болды; жоба 2025 жылғы 3 наурызда қорытынды кездесуде талқыланды. Енді GSE IRP-тің негізгі ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кіріседі.
2025-02-19 17:18 Сапаны арттыру