Courtney, M. G. R., Acuyo-Cespedes, A., Kalemeneva, D., de Crombrugghe,
D., Zhakibayeva, A., & Aigerim Baikenova (2025).
COVID-19-Related Learning Loss: Evidence of Downstream Negative Effects of Emergency Remote Teaching on Performance in Subject-Specific English Proficiency
Аңдатпа:
Пандемияға байланысты шұғыл қашықтан оқытуға (ШҚО) көшу бүкіл әлемде оқушылар мен студенттердің білім олқылықтарына (learning loss) әкелді. Алайда ШҚО-ның студенттердің
пәндік ағылшын тілін меңгеруіне әсерін қарастырған зерттеулер әлі жоқ. Теңестірілген тесттер жиынтығы мен жеті жыл (2018–2024) бойы университетке түсуге үміткер 18 769 адамнан жиналған қайталама көлденең қима деректері негізінде бұл зерттеу ШҚО-ның шет тілі ретінде ағылшын тіліндегі математика мен сыни ойлау бойынша академиялық үлгерімге тікелей және кейінгі әсерін бағалайды. Жақында ШҚО-ны бастан өткерген жоғары сынып оқушыларында сыни ойлау бойынша тікелей білім олқылығының, ал ШҚО кезінде орта есеппен 13 жаста болған балаларда математика бойынша айтарлықтай кейінгі білім олқылығының дәлелдері табылды. Алынған нәтижелер мен әдебиетке шолу негізінде біз осы нәтижелердің себептері туралы болжам жасап, саясатқа, тәжірибеге және болашақ түзету білім беру бағдарламаларына қатысты ұсыныстар береміз.
Мақаланың толық мәтінін оқу үшін осы жерді басыңыз