НУ-дағы студенттік өкілдік жүйесін студенттер қауымы мен НУ академиялық қауымдастығы арасында делдал қызметін атқаратын Студенттік үкімет қадағалайды және басқарады.
НУ курстар мен бағдарламаларды әзірлеу және өзгерту кезінде студенттердің пікірін ескереді. Әр бағдарлама/курс бойынша тиісті деңгейлерде курстастарының мүддесін білдіретін сайланған студент өкіл болуы тиіс.
Бағдарлама/курс өкілінің басты мақсаты – бағдарламада/курста оқитын студенттердің оқу тәжірибесін жақсарту үшін оқытушылармен бірлесіп жұмыс істеу.
Бағдарлама мен курс өкілдері
Әр оқу жылының басында мектептер НУ Студенттік үкіметімен бірлесіп бағдарлама өкілдерін сайлауды жариялайды. Осы лауазымға өтінім беру туралы толық ақпарат алу үшін мектеп менеджеріне немесе кафедра меңгерушісіне хабарласыңыз.
Топ өкілін әр семестрдің алғашқы екі аптасында курстастары сайлайды.
Академиялық студент өкілі мыналарға назар аударуы тиіс:
бағалау және кері байланыс (бағалау түрлері, бағалау рубрикалары);
оқу ресурстары мен материалдары (курс силлабусы, оқу және IT-ресурстар);
оқыту стратегиялары және оқу іс-шаралары;
оқу жоспары (бағдарламаның икемділігі, курстарды таңдау, курс құрылымы мен курсқа қойылатын талаптар);
студенттерді қолдау (академиялық кеңесшілер мен профессорлардың қолжетімділігі);
оқу процесіне қатысты басқа да аспектілер.
Тренингтер
Әр оқу жылының басында Провост кеңсесі жаңадан тағайындалған барлық академиялық студент өкілдерінің құзыретін арттыру үшін тренинг ұйымдастырады. Тренинг студент өкілдерінің рөлі мен міндеттерін түсіндіруге бағытталған. Ол байланыс орнатуға мүмкіндік береді және мәселелерді шешу мен коммуникация дағдыларын дамытады.
Тренинг қатысушыларына не ең көп ұнады?
«Интерактивті элементтері бар позитивті әрі бейресми тәсіл»
«Пайдалы ақпарат»
«Қызықты әрі шабыттандыратын талқылаулар»
«Достық ахуал»
Функционалдық міндеттеріңізді атқару кезінде келесі құжаттар пайдалы болуы мүмкін (толық рәсімдер мен үлгілер тек НУ-дың тиісті мүдделі тараптарына қолжетімді екенін ескеріңіз):
Студенттердің көзқарасын қорғау кезінде қай саясатқа сілтеме жасау керектігіне сенімді болмасаңыз, бізге academicquality@nu.edu.kz мекенжайы бойынша хабарласыңыз.
Курстастарыңызға көрініп, қолжетімді болыңыз және байланыс деректеріңізді студенттермен бөлісіңіз;
Курстастарыңызды өз жұмысыңыз туралы үнемі хабардар етіп отырыңыз;
Академиялық және әкімшілік қызметкерлермен байланыс орнатыңыз;
Студенттердің мәселелерін көтерген кезде абай, төзімді және сыйласымды болыңыз;
Бірлескен әрекеттер үшін басқа студент өкілдерімен байланыста болыңыз;
Мәселелерді мектеп деңгейінде көтеру үшін мектептің студенттік кеңесімен/комитетімен өзара іс-қимыл жасаңыз.
Мыналардан аулақ болыңыз:
жекелеген жағдайлармен айналысу – студенттердің едәуір бөлігіне әсер ететін мәселелерді шешуге күш салыңыз;
оқу процесіне қатысы жоқ жеке мәселелерді көтеру;
бір мәселені бірден бірнеше комитетте талқылауға ұсыну;
курс/бағдарлама деңгейіндегі шағын мәселелерді институционалдық деңгейде көтеру.
Мектептерде шешілмеген университет деңгейіндегі кез келген мәселе институционалдық деңгейдегі комитеттердегі студент өкілдеріне берілуі тиіс. Тиісті академиялық шешім қабылдау органына жүгіну үшін НУ-дың академиялық комитеттері туралы оқыңыз. Институционалдық өкілдікті НУ Студенттік үкіметінің Білім министрлігі қадағалайды. Министрліктің мүшесі болу үшін НУ Студенттік үкіметіне хабарласыңыз және оның хаттары мен жаңалықтарын қадағалаңыз. НУ бакалавриат студенттерінің өкілдері: Студенттік үкімет президенті – Balgyn Orazaly (balgyn.orazaly@nu.edu.kz); Білім министрі (НУ Студенттік үкіметі) – Aliya Dosniyazova (aliya.dosniyazova@nu.edu.kz); Академиялық кеңес – Balgyn Orazaly (balgyn.orazaly@nu.edu.kz); Академиялық сапа комитеті – Sholpan Marat (sholpan.marat@nu.edu.kz); Оқыту және білім беру комитеті – Aliya Dosniyazova (aliya.dosniyazova@nu.edu.kz); Кітапхана комитеті – Raikhan Kenzhekhanova (raikhan.kenzhekhanova@nu.edu.kz); Ерекше білім беру қажеттіліктері жөніндегі комитет – Balgyn Orazaly (balgyn.orazaly@nu.edu.kz). НУ магистратура мен докторантура студенттерінің өкілдері: Академиялық кеңес – Yerassyl Kadirzhanov (yerassyl.kadirzhanov@nu.edu.kz); Академиялық сапа комитеті – Aruzhan Kadyrova (a.kadyrova@nu.edu.kz); Оқыту және білім беру комитеті – Zhansulu Shaibek (zhansulu.shaibek@nu.edu.kz); Магистратура мен докторантура комитеті – Samal Kalipenova (samal.kalipenova@nu.edu.kz), Bauyrzhan Idreisov (bauyrzhan.idreisov@nu.edu.kz); Ерекше білім беру қажеттіліктері жөніндегі комитет – Gulnura Daripbayeva (gulnura.daripbayeva@nu.edu.kz); Кітапхана комитеті – Kamilla Ismailova (kamilla.ismailova@nu.edu.kz).