Жарияланымдар

Жарияланымдар

*** Ескерту: тізімде тек НУ аффилиациясымен жарияланған мақалалар берілген ***

  • Chiteng Kot, Felly. (2019). Gap between Actual and Expected Time Allocation to Academic Activities and its Impact on Undergraduate Academic Performance. Tertiary Education and Management, 25, 65-82. doi:10.1007/s11233-018-09015-8
    Аңдатпа:
    Бұл зерттеуде студенттердің академиялық қызметке нақты жұмсаған уақыты мен жұмсауға тиіс уақыты арасындағы алшақтықты зерделеу үшін үш жыл бойы жиналған сауалнама деректері мен әкімшілік жазбалар пайдаланылды. Іріктемеге Қазақстандағы элиталық зерттеу университетінің бакалавриатының бірінші және соңғы курстарында оқитын 2232 студент енді. Уақыт бөлудегі алшақтық студенттің кредиттік жүктемесін ескере отырып, академиялық қызметке жұмсалған жалпы уақыттың күтілетін көлемнен (сабаққа қатысу мен сабақтан тыс өзіндік жұмыс уақыты бірге алғанда) қаншалықты кем түсетінімен өлшенді. Зерттеу нәтижесінде бакалавриат студенттері (бірінші және төртінші курс) академиялық қызметке орта есеппен ECTS стандарттары бойынша күтілгеннен 35%-ға, ал Carnegie стандарттары бойынша күтілгеннен 28%-ға аз уақыт бөлетіні анықталды. Квазиэксперименттік зерттеу дизайнын (бейімділік бағалары бойынша сәйкестендіру) қолдана отырып, зерттеу уақыт бөлудегі алшақтықтың бакалавриат студенттерінің үлгеріміне теріс әсер ететінін көрсетті.
    Мақаланың толық мәтінін осы жерден оқуға болады
  • Chiteng Kot, Felly. (2016). The Perceived Benefits of International Partnerships in Africa: A Case Study of Two Public Universities in Tanzania and the Democratic Republic of Congo. Higher Education Policy, 29, 41-62. DOI 10.1057/hep.2015.2.
    Аңдатпа:
    Соңғы жылдары халықаралық серіктестіктер Африканың академиялық мекемелеріне Африканың дамуына үлес қосу үшін қажетті адами әлеуетті дамытуға көмектесетін мүмкіндік ретінде көбірек қарастырылуда. Серіктестік орнатудың себептері әдетте түсінікті болғанымен, эмпирикалық зерттеулерде көп жағдайда жауапсыз қалып отырған мәселе бар: Африка мекемелері мен мүдделі тараптар серіктестіктерден қандай пайда алады? Бұл зерттеу Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы екі ірі мемлекеттік университеттің 468 әкімшісі, академиялық қызметкері, магистранты мен докторантынан тұратын кездейсоқ іріктеменің пікірлерін талдау арқылы осы сұраққа жауап іздейді. Нәтижелер халықаралық серіктестіктердің үш институционалдық пайда (институционалдық әлеует, академиялық тиімділік және интернационалдандыру) және төрт жеке пайда (академиялық, мәдени, экономикалық және стратегиялық) әкелгенін көрсетті. Зерттеу мекемелердің серіктестіктерден пайда алу деңгейіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтады. Сонымен қатар серіктестік шараларының сипаттамалары кейбір жағдайларда африкалық мүдделі тараптардың осы шараларға қатысудан алған «жеке» пайдасымен байланысты болды.
    Мақаланы осы жерден оқуға болады
  • Chiteng Kot, Felly & Jennifer Link Jones. (2015). The Impact of Library Resource Utilization on Undergraduate Students’ Academic Performance: A Propensity Score Matching Design. College & Research Libraries, 76, 566-586. DOI10.5860/crl.76.5.566.
    Аңдатпа:
    Бұл зерттеуде ірі қалалық мемлекеттік зерттеу университетінің алғаш рет күндізгі бөлімге түскен бакалавриат студенттерінің үш легі (N=8 652) негізінде студенттердің кітапхананың үш ресурсын (жұмыс станциялары, оқу бөлмелері және ғылыми консультациялар) пайдалануының үлгерімге әсері зерттеледі. Өзін-өзі іріктеу ауытқуын жою және бұл әсерді дәлірек бағалау үшін бейімділік бағалары бойынша сәйкестендіру әдісі қолданылды. Бұл тәсіл бастапқы сипаттамалары ұқсас эксперименттік және бақылау топтарын құруға мүмкіндік берді. Басқа факторларды ескергеннен кейін кітапхананың белгілі бір ресурсын пайдалану бірінші семестрдегі орташа балдың шағын, бірақ маңызды өсуімен байланысты екені анықталды.
    Мақаланың толық мәтінін осы жерден оқуға болады