Кредит бермейтін курстар
КРЕДИТ БЕРМЕЙТІН КУРСТАР
НУ Болонья процесінің негізгі тұжырымдамаларының бірі – өмір бойы білім алуды қолдай отырып, мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуынан бастап шағын және орта бизнес иелеріне арналған сабақтарға дейін кредит бермейтін курстардың кең ауқымын ұсынады. Бұл курстар мансаптық өсуге көмектесетін жеке немесе кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған. Қолжетімді курстар туралы толығырақ ақпаратты мектептердің сайттарынан алуға болады.
Кредит бермейтін курстар саясаты НУ-дағы қосымша білім беру сапасын басқарудың ортақ негіздемесін белгілейді. НУ-дың кредит бермейтін курстары НУ-дың академиялық сапа негіздемесіне, НУ-дың тиісті саясаттарына және халықаралық бенчмарктарға сәйкес келеді.
  • Мұндай курстарды әзірлеу кезінде тиісті үлгілерді пайдалану қажет. Жүктеп алу үшін төмендегі батырмаларды басыңыз. Толық рәсімдер мен үлгілер тек НУ-дың тиісті мүдделі тараптарына қолжетімді екенін ескеріңіз.

Кредит бермейтін курстардың сапасын басқаруды мектептер жүзеге асырады. НУ-дың кредит бермейтін барлық курстары ресми түрде бекітілуі тиіс. Бекіту рәсімі курстың түріне байланысты өзгереді. Төмендегі сызбаларда бұл рәсім көрсетілген.