Микробіліктілік курстары
МИКРОБІЛІКТІЛІК КУРСТАРЫ
Шағын көлемді оқуға сұраныстың артуын ескере отырып, НУ Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің (EHEA) тәжірибесіне сәйкес келетін және өмір бойы білім алу тұжырымдамасын қолдайтын микробіліктіліктер ұсынады. Дәстүрлі оқудан айырмашылығы – микробіліктіліктер жеке және кәсіби өсуге қажетті негізгі құзыреттерді, дағдылар мен білімді дамытудың икемді және студентке бағдарланған жолын ұсынады. НУ-дағы микробіліктіліктер кең ауқымды пәндерді қамтиды және әмбебап дағдыларды дамытуға көмектеседі. Білім алушылар бірнеше микробіліктілік ала алады, олар кейінірек дәреже алуға немесе Graduate Certificate және/немесе Graduate Diploma алуға жол ашуы мүмкін.
Микробіліктіліктерді әзірлеу кезінде Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық желінің (ENQA) мына қағидаттарын ескеру қажет:

Микробіліктіліктерді әзірлеу кезінде келесі үлгілер пайдаланылады:

Микробіліктіліктердің сапасын басқаруды мектептер жүзеге асырады. НУ-дың барлық микробіліктіліктері ресми түрде бекітілуі тиіс. Бекіту рәсімі курстың түріне байланысты өзгереді. Төмендегі сызбаларда бұл рәсім көрсетілген: