Академиялық сапа комитетіне жібермес бұрын бағдарлама ұсынысын институционалдық саясаттар мен белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін Академиялық сапаны арттыру тобымен (
academicquality@nu.edu.kz) талқылауға болады.
Академиялық сапа комитетінің әртүрлі құрамы бағдарлама құжаттарын жан-жақты сараптауға мүмкіндік береді.
Комитет бағдарламаны Академиялық кеңеске бекітуге ұсынады немесе пысықтауға қайтарады.
Бағдарлама ұсынысы мен қажетті құжаттар CurrIQunet платформасы арқылы жіберіледі немесе Академиялық сапа комитетінің хатшысына
aqc@nu.edu.kz мекенжайы бойынша жіберіледі (егер мектеп платформаға әлі қосылмаса).
Бағдарламаны ұсыну пакеті. Пакетке келесі құжаттар кіруі тиіс:
- Бағдарлама ұсынысы (Word форматында). НУ бағдарлама ұсынысының үлгісін осы жерден жүктеп алуға болады;
Келесі құжаттардың қол қойылған және сканерленген көшірмелері PDF форматында (жеке файлдар):
- Ұсынылған бағдарлама бойынша сыртқы сарапшының пікірі.
- Бағдарлама ұсынысы талқыланған мектептің оқыту және білім беру комитеті отырысының хаттамасы;
- Ұсынысты қолдайтын деканның ресми хаты. Хатта бағдарламаның негіздемесі мен сапалы бағдарламаны ұсыну үшін оқытушылар мен басқа да ресурстардың (IT, кітапхана, ғимараттар, зертханалар, жабдық пен технологиялар) бар екені көрсетілуі мүмкін. Хатқа бағдарламаның тұрақтылығы (қаржы ресурстары) туралы мәлімдеме қосу ұсынылады. Хатта бағдарламаның мектептегі рөлі мен мектеп пен Университеттің стратегиялық мақсаттарына қосатын үлесі сипатталуы тиіс.