Курсты бағалау сауалнамасы
НУ-ДАҒЫ КУРСТЫ БАҒАЛАУ САУАЛНАМАСЫ

НУ-дағы курсты бағалау сауалнамасы – студенттерден білім беру сапасына қаншалықты қанағаттанатынын көрсетуді сұрайтын негізгі институционалдық кері байланыс тетігі.

Студенттердің пікірін қалай пайдаланамыз?

Біз бұл ақпаратты:
  • білім беру сапасын жыл сайын бақылау;
  • курстарға енгізілген өзгерістердің тиімділігін бағалау;
  • курстарды болашақта жетілдіру үшін пайдаланамыз.
Семестр соңындағы курсты бағалау
НУ-дағы курсты бағалау сауалнамалары әр семестрдің қорытынды емтихандар кезеңіне екі апта қалғанда Qualtrics веб-платформасы арқылы жүргізіледі. Сауалнама курсқа қатысты жиырма бір негізгі сұрақты қамтиды. Бұл жалпыуниверситеттік сұрақтарды курстың/бағдарламаның ерекшелігін көрсететін қосымша сұрақтармен толықтыруға болады. НУ курсын бағалау үлгісін осы жерден жүктеп алуға болады. (Толық рәсімдер мен үлгілер тек НУ-дың тиісті мүдделі тараптарына қолжетімді екенін ескеріңіз).

Курсты бағалау сауалнамаларының барлығын мектептер басқарады және олар Студенттерден кері байланыс алу рәсімдері жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін мектебіңіздің сауалнама әкімшісіне немесе академиялық мәселелер жөніндегі вице-деканға хабарласыңыз.

Кері байланыс циклін аяқтау

Кері байланыстың барлық циклдері аяқталуы маңызды. Біз оқытушыларды студенттермен олардың пікірлері қалай пайдаланылғанын және кейбір ұсыныстардың неге іске асырылмауы мүмкін екенін талқылауға шақырамыз.

Курсты бағалаудан бөлек, Университет бірқатар басқа сауалнамаларды да енгізді, соның ішінде оқуға түскен студенттер сауалнамасы, түлектер сауалнамасы және студенттік тәжірибе сауалнамасы. Бұл сауалнамалар академиялық сапаны арттыру (AQE) саласында негізделген шешімдер қабылдаудың құнды көзі болып табылады. НУ-дағы институционалдық сауалнамалар туралы толығырақ оқыңыз.